Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Лала Жүнісқызы

Балалығым, пәктігім –
бал күндерді сағындым,
Мерекесі, шаттығы
мол күндерді сағындым.
Саялаған шынарым –
әке-шешем қасымда,
Еркелігім көтерген
сол күндерді сағындым.

Білім нәрін алғаным
мектебімді сағындым,
Жік бөлінбей арамыз
он жыл бірге оқыған,
Құрбылар мен қатарлас
өткен күнді сағындым.

Он алты жас – құлпырған
гүл кезімді сағындым,
Айта алмай қиналған,
бір сөзіңді сағындым.
Жалғыз маған арналған
дос сыныптас жігіттің,
Жүрегінде бүр жарған
нұр сезімді сағындым…

Ұқсас жаңалықтар

Сыни материалдарды көрген министрліктер, әкімдіктер ақпаратты алдыртып тастауға күш салады

redaktor_qazyr

Анар Шамшадиенова

Redaktor Site

Орал қаласы Зашаған кентінде «Келешек мектептері» жобасы аясында 600 орындық жаңа мектеп ашылды

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz