Qazyr.kz порталы
АймақҚазірҚоғамРуханият

Мәдениет майталманы құрметке бөленді

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен ұлттық мәдениетті дамыту мен насихаттауға қосқан ерекше үлесі және мәдениет саласындағы елеулі жетістіктері үшін Ұлан аудандық мәслихатының депутаты, мәдениет қызметкері Нұртай Тілеужан «Құрмет» орденімен марапатталды деп хабарлайды Qazyr.kz

Бұл жоғары марапат — мәдениет саласында ұзақ жылдар бойы атқарылған табанды еңбектің, туған елге деген адалдық пен шығармашылық шеберліктің айқын көрінісі. Нұртай Тілеужан өзінің кәсіби жолында ұлттық құндылықтарды насихаттауға, өңір мәдениетін өркендетуге, жас буынды тәрбиелеуге аянбай тер төгіп келеді. Оның бастамасымен аудан көлемінде бірқатар мәдени жобалар жүзеге асып, халықтың рухани өмірі жаңа серпін алды.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов мәдениет қайраткерін жоғары марапатымен арнайы құттықтап, бұл жетістіктің тек аудан ғана емес, тұтас облыс мәдениетінің мерейі екенін атап өтті. Сонымен қатар, облыс әкімі алдағы уақытта да шығармашылық табыс, тың бастамалар мен жарқын жетістіктер тіледі.

Нұртай Тілеужанға берілген «Құрмет» ордені — еліміздің мәдени мұрасын сақтау мен дамытуға үлес қосып жүрген азаматтарға көрсетілетін ерекше ілтипат. Бұл марапат алдағы уақытта да мәдениет қызметкерлерінің еңбегін жоғары бағалап, олардың шабытын арттыра түсетіні сөзсіз.

Еске сала кетейік, Нұртай Тілеужан Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында дүниеге келген. 1992 жылы Қазақстанға көшіп келіп, Ұлан ауданының Айыртау ауылына қоныстанды. Ол ауылдық мәдениет үйінде жұмыс істеп, жергілікті өнерпаздарды тәрбиелеумен айналысты.

Ұқсас жаңалықтар

Станислав Черчесов Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері қызметінен кетті

redaktor_qazyr

ОМЫРАУ СҮТІМЕН ҚОРЕКТЕНДІРУ БАЛАЛАРДАҒЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІҢ ЖАҚСЫ ДАМУЫНА ЫҚПАЛ ЕТЕДІ

redaktor_qazyr

Мұқағали Мақатаевтың өмірбаяны

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz