Qazyr.kz порталы
Руханият

Марина Маяковская — Кейде кейде

Кейде-кейде..

Құлазиды көңілім кейде- кейде,

Өзім-дағы білмеймін, Кімге? Неге?

Өксік келеді, қинайды, шығар мені,

жылап алшы дегендей,

Мәні неде?

 

Мүмкін бәрі ойлайды бақытты деп,

Зая қылып жүр дейді уақытты көп,

Бақыттымын, әрине, сансыз шүкір

Жай таппайды жүрегім, шаттықты тек.

 

Бәлкім бұл да менің бір еркелігім,

Бала кезде шағалмаған, ерте мұңым

Әдет етіп анда — санда өлең төгем

Жан сырымды ақтарып, ертелі-күн.

 

Әлде ашу-ызаны жұтамын ба?

Өзгелерге көрсетпей құртамын ба?

Тасжүрек, мейірімсіз, жаны ашымас

Болып кетсем, мен мұнан ұтамын ба?

 

Кімге барып айтамын, кім тыңдайды?

Досқа айтсам, түсінбес, құр тыңдайды,

Жатқа шақсаң мұңыңды, сыбысы көп

Жақындарым сөгеді-ау, құр тұрмайды…

 

Өмір, өмір, әр-кімді жылатады,

Өкініш бар, жан-азық сұратады.

Міне шықтым шыңына дей бергенде

Қайыстырып қабырғаңды, құлатады.

 

Не себеп, неге жаным жасырайды?

ЖАЛҒЫЗДЫҚ, жаның маған ашымайды,

Жолықпады, ЖЫЛУ болар жан жалғанда

Содан болар, жүзімнен нұр тасымайды.

 

Жастық шақ, жүрек мұңсыз, көңіл бейқам

Дегенменде, керек-ау жанға иман,

Егізімді табармын менде бір күн

Ақ ниет пен ақ пейілді жанға жиған…

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Сібірдегі керей мемлекеті

Redaktor Site

Бірінші дүниежүзілік соғыс

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz