Qazyr.kz порталы
Руханият

Менің Анам-100 жаста!

Менің Анам-100 жаста!

Қолыма қалам ұстасам,
Анама арнап жыр жазсам
Ойларым кезіп тарапқа
Әр сөзімнен шатасам.

Салмақтап сөзді саптаймын,
Арғымақ аттай баптаймын.
Сөз мәйегін терсем де,
Анама теңеу таппаймын.

Анамда бар қасиет,
Сөз жетпейтін құдірет.
Анамнан қалған әрбір сөз,
Мен үшін шексіз өсиет.

Аспанда жұлдыз жарқырар,
Жаныма анам нұр шашар.
Даналық пен даралық
Бір бойынан табылар.

Кішіпейіл, қайсарлық,
Мейірім мен мықтылық
Тұла бойың тұнып тұр,
Бұл не деген тектілік.

Сыртқа бір ешқашанда сыр бермедің
Өсек-аяң, өтірікке мән бермедің.
Уақ түйек іске де араласпай,
Бойыңдағы ақыл мен парасатты жеңдірмедің.

Тырысамын ұқсаймын деп өзіңе,
Келтірмедің бір тамшы жас көзіңе.
Ал мен болсам қит еткенге елжіреп,
Әлек болам әлім келмей өзіме.

Анашым өзіңменен мақтанамын,
Өзің берген тәлімді ұстанамын.
Болмасаң да ұқсап бақ дегендей ақ,
Кейбір жерде өзіңе ұқсағанмын.

Ұқсас жаңалықтар

Кәкімбек Салықов-Бір ауыз сөз

Redaktor Site

Көңілдің кейбір сәттері

redaktor_qazyr

Мағжан Жұмабаев

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz