Qazyr.kz порталы
ӘмбебапРуханият

Сағынышым-ау

Сағынышым-ау

Жүрегім мұздап,
Терең із қалған.
Келеді күз де,
Өтеді жалған.
Жаураған жаным жаздыгүнді аңсап,
Бақтарда жүрер гүл үзіп алған.

Атады таңдар,
Салқындап денем,
Сағынышым-ау оғанда көнем.
Көңіл сен үшін алаңдайды екен,
Осы ма әлде ғашықтық деген?!

Қыстан да xабар жақын сияқты,
Шық сипап жатыр жасыл қияқты.
Дірдектеп тоңған қара көздердің,
Соңғы кездері жасы жиі ақты.

Үмітке ұқсап желі боп өктем,
Орнайды әлі белі көк көктем.
Шуаққа шығып жадырап қалар,
Қуаныш әні жұмыр ет төккен.

Өтеді күндер жаз,жидек терген,
Қоштасып өмір қаз-үйректермен.
Қалады бәрі құлазып тағы,
Тағдырдай қиық аз иректелген!!!

Біржан Досжан

Ұқсас жаңалықтар

Ғафу Қайырбеков

Redaktor Site

Таңертең ерте тұру үшін не істеу керек?

Redaktor Site

«Ойыннан от шықты»Астанада лифтте жалған қарумен пранк жасаған азаматтар қамауға алынды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz