Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Қажығалиева Күләш Сопқанқызы 82 жасына қараған шағында қайтыс болды.Жаназасы 13 қыркүйек сағат 10:00де шығарылады.Бұл туралы QAZYR.KZ хабарлайды.
Күләш Сопқанқызы 1942 жылы 9 маусымда Жетісу облыcы,Алакөл ауданы Ақжар ауылында дүниеге келген.Ол 1967 жылы жолдамамен Қазақ мемлекеттік балалар мен жастар театрына актриса болып қабылданған.
Қазақ сахнасының саңлағы, «Қызыл сұңқарлар» – Маруар, «Қорқыттың көрі» – Қамқа шеше, «Ыстықкөл трагедиясы» – Кемпір, «Ақ кеме» – Кемпір, «Қыз жиырмаға толғанда» – Ғани, «Жақсы кісі» –Балзия, «Атау-Кере» – Марфа, «Ауылдан келген ару» – Сәндігүл, «Ең алғашқы Жаңа жыл» – Әже, «Шағала» – Полина Андреевна рөлдерінде сәтті сомдап шыққан.
Актриса еңбек жолында,1998 жылы Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген артисі (құрметті атағымен) марапатталған.
Қазақстанның «Ерен Еңбегі үшін» медалімен марапатталған.2016 жылы Қазақстанның «Еңбек ардагері» медалі 2016 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен марапатталған.