Таяуда №2 Тараз қалалық сотына аса ірі көлемде жасалған алаяқтық жөнінде іс келіп түсті. Қалалық сот таратқан мәліметінше, екі ер адам ұзақ уақыт бойы кәсіпкерлерге бос уәде беріп, ірі көлемде ақша алып келген.
Алғашықда Баходир Назармұхамедов пен Әскер Исмаилов Ресейден Тараз қаласына тауық өнімдерін жеткізумен айналысып, жергілікті кәсіпкерлермен қарым-қатынас орнатып, олардың сеніміне кіреді.
Бұдан кейін қос алаяқ кәсіпкерлердің ақшаларын жинап алып, бизнеске салып үлкен табысқа кенелтеміз уәде берді. Бірақ олар сөзінде тұрмаған. Тараздық кәсіпкерлер соңында сан соғып қалады.
Олар алғаш танысқан кәсіпкерден «ортақ бизнеске 3 миллион теңге салсаң, ай сайын 200 мың теңге пайда алып отырасың» деп өз дегендеріне көндереді. Айтқандай алғашқы айда 200 мың теңге табыс ретінде берген. Ал бұдан соң уәделі үлес тоқтап, кәсіпкерге бір тиында алмапты.
Бұдан кейін де Баходир Назармұхамедов пен Әскер Исмаилов алаяқтық әрекеттерін тоқтатпаған. Ақшаға дәнәгіп алған екі қу Тараздағы атақты шұжық өндіруші кәсіпкерден 280 миллион теңге, оның ағасынан 330 миллион теңге алады. Тіпті, Шұжық өндіруші кәсіпкердің 12 туысы да екі алаяққа жем болса керек. Заң орындары қос алаяқтың кәсіпкерлерге келтірілген жалпы шығын 1 миллиард теңгеден асқанын алға тартуда. Бүгінде іс тегергеліп, тексерілуде. Аталған іс бойынша сот процессі 5-ші қаңтарда қаралмақшы.
,