Qazyr.kz
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарСаясат

Монтайтас пен Шағыр ауылдарына көгілдір отын қашан келеді?

Монтайтас ауыл тұрғындарының көптен бері сарғая күтіп жүрген армандарының бірі — ауылға көгілдір оттының келуі.Ауыл тұрғыны осы мәселені қанша рет көтергенімен нәтижесіз қала бергенін тілшімізге айтты.«Әкім халықтың зар-мұңын неге тыңдамайды ?Ауылда жағдай жасалмаған,газ жоқ!Көгілдір отынның келеді дегеніне қай заман?Аудан әкімдігінен де нәтиже жоқ!»,-дейді тұрғын.

Осы тұста біздің тілшілер халық сөзін жерге тастамай,Түркістан облысындағы Арыс ауданына қарасты «Монтайтас,Шағыр ауылдарына көгілдір отын қашан келеді?»,-деген сауалды Azatnews.kz тілшісі аудан әкімі Гүлжан Құрманбековаға жолдады.»,-деп хабарлайды QAZYR.KZ.

Аудан әкімдігі тілшілер жолдаған сауалға не деді?

«Қазіргі таңда Арыс қаласы Монтайтас және Шағыр ауылы көгілдір отын кіргізу бойынша жобалык сметалық құжаттама дайындалып мемлекеттік сараптамадан өткен. Алайда, осы елді мекендерге жеткізгіш құбырдың жобалық сметалық құжаттамасы әзірленуде. Жеткізгіш құбырдың жобалық сметалық
құжаттамасы әзірленіп, сараптама қорытындысы алынғаннан кейін, бюджетке сұраныс берілетіннін хабарлаймыз.»,-деді аудан әкімінің орынбасары Айтбаев Рысдәулет Пайланұлы тілші сауалына.

Айта кетейік,2022 жылы Арыс қаласының 78 мыңнан астам тұрғыны табиғи газбен қамтамасыз етілген болатын.Ал осы жылыдың мамыр айында,Арыс ауданына жақын елді-мекендерге де көгілдір отынның құбыры тартылып,халық игілігіне берілген болатын.

Qazyr.kz

Ұқсас жаңалықтар

104-жасқа келген ақсақалдың айтқан өсиет əңгімесі

redaktor_qazyr

Сыни материалдарды көрген министрліктер, әкімдіктер ақпаратты алдыртып тастауға күш салады

redaktor_qazyr

Мемлекет басшысы «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Бұл веб-сайт тәжірибеңізді жақсарту үшін cookie файлдарын пайдаланады. Сізге бұл жақсы деп есептейміз, бірақ қаласаңыз, бас тартуыңызға болады. Қабылдау Толық оқу

Құпиялық және cookie файлдары саясаты