Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратҚазір

Мұғалімнің айлығын сағат санына байламау керек

Мұғалімнің айлығын сағат санына байламау керек.Қазақстанның бюжет-қаржы саясатына шолу жасаған Дүниежүзілік банк сарапшылары Үкіметтің есіне Грекиядағы дағдарысты салды, деп хабарлайды QAZYR.KZ іnbusiness.kz- ке сілтеп.

Банк сарапшылары мемлекеттен әлеуметтік көмек алып жүрген қазақстандықтардың 46%-ы кедей емес екенін айтады.

«Үкімет көпбалалы отбасыларға берілетін әлеуметтік көмек пен атаулы әлеуметтік көмек сияқты түрлі санаттағы бағдарламалардың басын қосып, кедейлікпен күреске бағытталған бір бағдарламаға айналдыра алады», — деп жазады ұйым экономистері.

«Мемлекеттік сатып алу мәліметтері жаңылтпаш сияқты»
«Мемлекеттік сатып алулар және үкіметтің өзге де іс-қимылы туралы ақпарат үкіметтік сайттарда жарияланады. Бірақ ол ақпарат қоғам түсінетін етіп ұсынылмайды. Азаматтық бюджеттер жалпы форматта беріледі, халық кері байланысқа шыға алмайды», — делінген құжатта.

Мысалы, 2020 жылы білім саласына бөлінген жергілікті шығындардың 27,5%-ы «өзге де шығындар» деген санатпен, ешқандай түсіндірмесіз жұмсалған.

«Бұл бюджет шығындарының ашықтығын шектеп, халықтың Үкіметке деген сенімін азайтады», — дейді мамандар.

Дүниежүзілік банк өкілдері әкімдердің өзінен жоғары тұрған басшыға тәуелділігі бюджеттің халық қажеттіліктеріне сай жұмсалмауына себеп болып отырғаны айтылған.

«Қазіргі таңда трансферттерді бөлу жүйесі шектен тыс күрделі. Қажетті шығындарды есептеу әдіснамасын әлемдегі ең қиын тәсіл деп есептеуге болады. Өйткені бүкіл елде мемлекет көрсететін қызметтердің деңгейін біркелкі ете алмай отыр.

Облыстарда салықтар мен орталықтан берілетін бюджетті қайда жұмсау керектігі туралы шешім шығаратын нақты өлшемшарттар жоқ. Бұл әкімдердің өзінен жоғары деңгейдегі басшылардан қажетті ресрусты алуға келісуіне әкеледі», — деп жазылған шолуда.

Ұқсас жаңалықтар

Түймебаевты Кемел Тоқаевтың киесі ұрды

redaktor_qazyr

Шымкентте көліктерге ұрлыққа түскен 21 жастағы жігіт ұсталды

redaktor_qazyr

Дархан Сатыбалды инвестициялық штабтың кезекті отырысын өткізді

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz