Qazyr.kz порталы
ӘмбебапЖаңалықтарҚазірҚоғам

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар қоғамдық-саяси, мәдени кеңістікте толыққанды өмір сүретін болады

Елімізде мүгедектігі бар адамдарды, оның ішінде мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік ұйымдарға жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау жүйесі одан әрі жетілдіріліп жатыр. 2025 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 111,4 мың адам немесе мүгедектігі бар еңбекке қабілетті адамдардың 29%-ы (381 мың) жұмыспен қамтылған.

Сонымен қатар өңірлер бойынша мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту деңгейі 20%-дан 55%-ға дейін өзгереді. Осыған байланысты бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру және жұмыс берушілерді мүгедек адамдарды жұмыспен қамтуға ынталандыру үшін мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша квотаны орындамайтын жұмыс берушілердің бюджетке өтемақы төлеу тетігін енгізу көзделген. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді деп хабарлайды Qazyr.kz.

Сондай-ақ ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ҚР Көлік министрлігімен бірлесіп, мүгедектігі бар адамдарды автомобиль көлігімен (инватакси) тасымалдау бойынша қызметтер көрсету тәсілдерін қайта қарауды жоспарлап отыр.

«Оңалту спектрі қызметтерін кеңейту бойынша шаралар әзірлеу басталады – бұл дәрі-дәрмекпен емдеуді қоспағанда, ауылдық амбулаториялар базасында мүгедектігі бар балаларға арналған физиотерапиялық қызметтер, емдік дене шынықтыру, массаж және т.б. Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы қызметінің, оның ішінде ғылыми қызметті әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін арттыру бөлігінде кезең-кезеңімен әлеуметтік қорғау жоспарланған», – деді вице-министр.

Айта кетерлігі, қазір мүгедектігі бар адамдардың сапалы білімге қол жеткізу проблемасы сақталуда. Бұл олардың жұмысқа орналасуын, әлеуметтену мүмкіндіктерін шектейді. Ол үшін Тұжырымдама шеңберінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдары жанынан ерте психологиялық -педагогикалық қолдау қызметтерін құру жоспарлануда. Шалғай өңірлерде білім беру жүйесіндегі 16 орталықтарында тұратын мүгедектігі бар адамдарды тәрбиелеп отырған отбасыларға қолдау көрсетіледі. Бұл баларды оқытуға әмбебап дизайн бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленеді.

Сондай-ақ мүгедектігі бар азаматтардың қоғамдық-саяси өмірге араласуы үшін дауыс беру жағдайларын ұйымдастыру бойынша оқу материалдарын жетілдіру жалғастырылады. Мәселен, сайлау кезінде оларға трафаретті бюллетеньдерін әзірлеу жұмысы жүргізіледі.

Тұжырымдаманың негізгі бағыттарының бірі кедергісіз орта құру болып табылады. Мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктерін ескере отырып, халық үшін қызметтер мен инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділігі кеңейтілетін болады. Бүгінде интерактивті қол жетімділік картасында 42 964 нысан тіркелген. 22 777 нысан немесе 53%-ы толығымен бейімделген. Инфрақұрылым объектілері мен көрсетілетін қызметтердің халық үшін қолжетімділігін регламенттейтін ұлттық стандарттарды қолдану жұмысы жалғасады.

Климаттың өзгеруiне және техногендiк апаттарға байланысты мүгедектiгi бар адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төнетiн жағдайда төтенше жағдайлар мен дүлей зiлзалаларда қауiпсiздiктi және оларды қорғауды қамтамасыз ететін жүйелі шаралар қабылданады.

 

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте қараусыз қалған ғимараттан өрт шықты

redaktor_qazyr

Прокурор тәуелсіз журналист Думан Мұхаммедкәрімді 7 жылға соттауды сұрады

redaktor_qazyr

Балалық шағым кісі қызығарлықтай боп өткен жоқ

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz