Qazyr.kz
БілімМәдениет

Мұстафа Кәмәл Ататүрік

Мұстафа Кәмәл Ататүрік, Ғази Мұстафа Кәмәл-паша (түр. Mustafa Kemal Atatürk; 1881 — 10 қараша1938) — Осман және Түркия мемлекетінің реформаторы, әскери қолбасшысы, мемлекет қайраткері,Түркия Республикасының негізін қалаушы тұлға және оның тұңғыш президенті.

Мұстафа Кәмәл Галлиполи операциясы кезінде дивизия командирі қызметін атқарып жүрген кезінде өзін дарынды қолбасшы ретінде көрсете білді. Кейінірек ол Анадолы және Палестина майдандарында әскери ұрыс қимылдарды ерекше табысты жүргізуімен көзге түсіп, Бірінші Дүниежүзілік соғыс кезінде атақ-даңққа ие болды. Осман империясының соғыста жеңіліп,Антанта тарапынан елді бөлшектеп тастауға жоспарлар жасалғаннан кейін, Мұстафа Кәмәл Түрік ұлттық қозғалысын бастады. Ол кейін Түрік тәуелсіздік соғысына ұласты.Анкарада уақытша үкімет ұйымдастырған соң, ол Антанта мемлекеттері жіберген әскерлердің бетін қайтарып, олардан басым түседі.

Сыртқы интервенциялық күштерді қайтарғаннан кейін Мұстафа Кәмәл Түркия өмірінің саяси, экономикалық және мәдени жақтарына терең өзгерістер енгізуге бағытталған реформалар бастайды. Ол реформалардың басты бағыттарыКәмәлдың саяси идеологиясындабаяндалған. Ататүріктің ұстанған көзқарасы бойынша Түркия мемлекеті осы заманғы,демократиялық және зайырлыұлттық мемлекет болып құрылуы тиіс болатын.

Qazyr.kz

Ұқсас жаңалықтар

Ақылбек Шаяхмет-Ағалар

Redaktor Site

Гүлнар Демеуова

Redaktor Site

Дәнеш Рақышев

Redaktor Site

Пікір жазу

Бұл веб-сайт тәжірибеңізді жақсарту үшін cookie файлдарын пайдаланады. Сізге бұл жақсы деп есептейміз, бірақ қаласаңыз, бас тартуыңызға болады. Қабылдау Толық оқу

Құпиялық және cookie файлдары саясаты