Нигерия астанасы Абуджада Қазақстан-Нигерия бизнес-конференциясы өтті. Аталған жиынға еліміздің делегациясын сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров бастап барды. Қазақстан Нигерияға астық және майлы дақылдарды экспорттау мүмкіндігін қарастырды, деп хабарлады Qazyr. kz.
Йоруба халқының Иле-Ифедегі королі Оба Адейейе Энитан Огунвусидің төрағалығымен өткен конференцияда екі ел азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету, сондай-ақ екі мемлекет арасында әуе қатынасын жолға жолға мүмкіндігі талқыланды. Бұл сауда-экономикалық байланысты жүзеге асыру үшін қажет.
«Цифрландыру мен инновацияларға ерекше назар аударылып, Қазақстан мен Нигерия ақпараттық технологиялар, деректер орталықтарын салу және финтех шешімдерді дамытуда ынтымақтастықты орнату айтылды. Қаржылық операциялардың тиімділігін арттыру, адами капиталды нығайту және бизнес-процестерді оңтайландыру үшін цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті дамыту мәселелері көтерілді», — деп жазылған “Kazakh Invest» баспасөз хабарламасында.
Екі тарап жер қойнауын пайдалану саласындағы серіктестік пен Қазақстан өнімдерін Нигерияға және Африка нарығына экспорттау мүмкіндіктері талқылады.
Агроөнеркәсіптік сектордағы әріптестік маңызды бағыттардың бірі . Қазақстан астық және майлы дақылдарды экспорттау мүмкіндігін қарастырып, ауыл шаруашылығында озық технологияларды енгізу перспективаларын талқылады.