Qazyr.kz порталы
Қазір

Түркістан облысының,Келес ауылындағы тұрғын газбен жүретін трактор құрастырып шығарды

ТҮРКІСТАН: «КЕЛЕСТІК ТҰРҒЫН ГАЗБЕН ЖҮРЕТІН ТРАКТОР ҚҰРАП ШЫҚТЫ»-деп хабарлайды Qazyr.kz ақпарат агенттігі.

Келес ауданына қарасты Ақтөбе ауылдық округінің Көкбұлақ ауылында қарапайым тұрғын шағын трактор құрастырып шығарды. Өнертапқыш Ахмед Шүкірұлы тракторды құрастыруға үш жыл уақыт жұмсаған. Ол қораның әр бұрышында жатқан жарамсыз техника бөлшектерін жинап қана қоймай, кәдеге асатындарынан шаруаға қажетті металл бұйымдарын іске асырудың нағыз шеберіне айналды.

–Ауылымыздың тұрғындары ауыл шаруашылығы саласында еңбектенеді. Трактор алуға екінің бірі қол жеткізе бермейді. Бос уақытымда керексіз техникалардың басын қосып, трактор құрыстыруға кірістім. Құрылғымның қозғалтқышы Ваз-2106 көлігінен алынған. Сонымен бірге ГАЗ-53 және көптеген жарамсыз техникалардың материалдары пайдаланылға, – дейді өнертапқыш

Бүгінгі уақытта трактор құрап шығарған Ахмед Шүкірұлы ауыл тұрғындарының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне өз техникасымен қажетті жұмыстарды атқаруда.
Өнертапқыш бұл бағыттағы жұмыстарын жалғастыра беруге, әлі де тың идеяларды іске асыруға ниетті.

 

Дереккөз:Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда баланың туу туралы куәлігін енді Kaspi постоматтары арқылы алуға болады

redaktor_qazyr

Ақтөбеде 92 жастағы кейуана балаларын сотқа берді

Redaktor Site

Қостанай облысының Жангелді,Амангелді аудандарында егістік алқаптарын шегірткелер қаптап кетті

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz