Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазірСпорт

Nomad Wrestling 2 турнирінде Азамат Бақытов жеңіске жетті

Алматы қаласындағы Sadu Arena аренасында өткен Nomad Wrestling 2 турнирінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мемлекеттік мекемелерді күзету жөніндегі мамандандырылған күзет қызметінің иснпекторы Азамат Бақытов жеңіске жетті, деп хабарлайды Qazyr.kz

Жеңімпаз спортшы және бірінші Nomad Wrestling Гран-при жеңімпазы Азамат Бақытов бұл жолы джиу-джитсудан әлем чемпионы Руслан Исраиловпен шықты. Тартысты жекпе-жекте қарсыласын екі ұпай артық көрсеткішпен тізе бүктірген Азамат Бақытов спорт сүйер қауымды тосын тәсілдерімен тәнті етті.

Азамат аралас жекпе-жекте жұлдызы жарқыраған спортшы. Ол 2015 жылы Қазақстан чемпионы, 2017 жылы Қазақстан Кубогының чемпионы, 2016 жылы Азия жүлдегері, грепплингтен 5 дүркін Қазақстан чемпионы және 2 дүркін Азия чемпионы, 2018-2019 жылғы әлем чемпионатының финалисі, бірінші Nomad Wrestling көшпенділер ойындарының чемпиондық белдігінің иегері. Сондай- ақ Alash Pride, M-1 Global, NFC, Хардкор-де лигаларында рекорд орнатқан кәсіби спортшы.

Ұқсас жаңалықтар

Қорғаныс министрлігі Назарбаевтың ескерткішін  алып тастау себебін түсіндірді

redaktor_qazyr

Алматыда 8 наурыз қалай тойланады: концерттер, көрмелер және спектакльдер

admin_qazyr

Уақыт белдеуінің өзгеруі денсаулыққа қалай әсер етеді?

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz