Qazyr.kz порталы
АймақӘмбебапБасты ақпаратБілімэкономика

Нұралхан Көшеров Германия инвесторымен келіссөз жүргізді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Германияның «Medal Holding GmbH» компаниясының  құрылтайшысымен кездесті, — деп хабарлайды Qazyr.kz

Кездесуде қос тарап әріптестікті нығайту, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жолдарын қарастыру жөнінде келіссөз жүргізді. Өңір басшысы Түркістан облысында инвесторларға қолайлы жағдай жасалғанын жеткізіп, бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

«Түркістан өңірінің инвестициялық әлеуетіне қызығушылық танытып, арнайы келгеніңізге алғысымды білдіремін. Облысымыз бизнес жасауға өте қолайлы әрі жұмыс күшімен, адам капиталымен қамтылған. Аймақтан «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық магистралы өтеді. Ол да кәсіпкерлікті дамытуға қосымша мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығы, туризм және қайта өңдеу салалары бойынша инвестициялық жобаларға басымдық берілген. Жобаларды талқылап, бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз», – деді Нұралхан Көшеров.

Германиялық компания өкілдері 2023 жылы қос мемлекеттің Президенттерінің қатысуымен өткен Қазақстан-Германия бизнес-форумында жасалған меморандум әріптестікті нығайтуға серпін бергенін атап өтті. Компания электр станциясын салу, қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу, құрылыс материалдарын шығару, құм, тас, фосфорит өндіру, заманауи зауыттар салумен және өзге де жобалармен айналысатынын жеткізді. Қос тарап әріптестікті нығайтып, жобаларды зерделеуге уағдаласты.

©Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Олжас Бектенов пен Адылбек Қасымалиев цифрлық және ғарыш салаларындағы әріптестікті нығайтудың келешегін талқылады

admin_qazyr

Сабақ жоспарына енгізілетін негізгі құндылықтары

redaktor_qazyr

Кентаулық 9 жасар Нұрғисаға қаржылай көмек керек

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz