Qazyr.kz порталы
ӘлемҚазірҚоғам

Айбек Смадияров: Иранда қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында біздің азаматтар жоқ

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында қазақстандықтардың бар-жоғы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Qazyr.kz

Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында біздің азаматтар жоқ. Біз танитын барлық азаматтармен мессенджерлердегі чаттар арқылы байланыс ұстап отырмыз. Қандай да бір жағдай бола қалса, олар бірден елшілікке хабар береді, – деді Айбек Смадияров брифингте.

Смадияровтың дерегінше, Иранда 132 Қазақстан азаматы болса, Израильде 219 адам бар.

Бұған дейін шабуылдардан Иранда 70-тен астам әйел мен бала көз жұмған болатын. Сонан соң Иран тұрғындары Израильді жазалауды талап етіп көшеге шықты.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасында саяси кеңесулер өтті

admin_qazyr

Биыл оқушылар 1 тоқсанда 10 күн демалады

redaktor_qazyr

Әңгіме: Келінге қараған күнім құрысын

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz