-1.7 C
Шымкент
22-Қаңтар, 2025
Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірСаясат

Облыс әкімі Нұрлан Көшеровтың төрағалығымен Түркістан әуежайын дамыту мәселесі қаралды

Облыс әкімі Нұрлан Көшеровтың төрағалығымен Түркістан әуежайын дамыту мәселесі қаралды.Бұл туралы Qazyr.kz тілшісі хабарлайды.

Түркістан облысында көлік инфрақұрылымын жетілдіру жұмыстары қарқынды түрде жалғасуда. Бүгін облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен Түркістан халықаралық әуежайының даму мәселелері талқыланды. Өңір басшысы жауапты басқармалар мен әуежай жетекшілеріне жаңа рейстер ашу және әуежайдың мүмкіндіктерін арттыру үшін тиісті шараларды қабылдауды тапсырды.

– Түркістан әуежайын дамыту жолдарын толықтай зерттеп, қажетті жұмыстарды жүзеге асырыңыздар. Инвесторларды мұқият тексеріп, тиімді серіктестік орнату маңызды. Облысымыздың туризмін, көлік саласын және әуежайды дамытуға бағытталған келісімдерге қолдау көрсетеміз, – деді Нұралхан Көшеров.

Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қуатжан Жұматаев авиация саласын дамыту мен оған қатысты өзекті мәселелер туралы сөз қозғады. Қазіргі уақытта бірнеше әуе компаниясымен келіссөздер жүргізілуде, сондай-ақ ішкі және халықаралық рейстердің санын арттыру көзделуде.

Ішкі туризмді дамыту мақсатында, Қостанай – Түркістан және Қарағанды – Түркістан бағыттары бойынша субсидияланатын әуе рейстері ашылады. QAZAQ AIR әуе компаниясы 4 қаңтардан бастап Қостанай – Түркістан бағыты бойынша рейс ашып, 13 қаңтардан бастап Қарағанды – Түркістан бағыты бойынша да рейс іске қосылады. Сонымен қатар, 13 қаңтардан бастап Астанадан Түркістанға әуе сапарлары бастау жоспарланған.

Ұқсас жаңалықтар

Қамаудағы тәуелсіз журналист Думан Мұхамедкәрімнің сотына бара жатырған блогерді қамауға алды

Redaktor Site

Арыста медкомиссиядан өту үшін, касса алдындағы ұзын-сонар кезекті күту қажет

redaktor_qazyr

Президент «Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы» Заңға қол қойды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz