Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтар

Оқу-ағарту министрі қазақстандық оқушыларды 2023-2024 оқу жылының аяқталуымен құттықтады

Оқу-ағарту министрі қазақстандық оқушыларды 2023-2024 оқу жылының аяқталуымен құттықтады

Бүгін еліміздің барлық мектептерінде бір мезгілде «Білімім — Отаныма» бірыңғай сынып сағаты өтті. Сынып сағатының аясында министр барлық мектеп оқушыларын 2023-2024 оқу жылын табысты аяқтауларымен құттықтады.

Ғани Бейсембаев Бірыңғай сынып сағаты — бір жылда атқарылған жұмысты қорытындылап, балалардың өз мұғалімдеріне, мектеп ұжымына, ата-аналарына алғыс айтуына мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Сіздердің еңбекпен алған білімдеріңіз Отанға деген сүйіспеншілік пен құрметтің белгісі! Бүгін сіздермен бірге еліміздегі төрт миллионға жуық оқушы келесі сыныптарға ауысады. Бір жылда сіздер есейіп, оқуда, шығармашылықта, спортта үлкен жетістіктерге жеттіңіздер. Осы оқу жылында біздің оқушылар 10 халықаралық олимпиадада 243 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 20 алтын, 95 күміс, 128 қола медаль бар. Сіздердің әрқайсыларыңыз өз нәтижелеріңізбен мақтана аласыздар! Сіздерді шын жүректен құттықтаймын және мұнымен тоқтап қалмауларыңызды тілеймін!», — деді ол өз құттықтауында.

Ұқсас жаңалықтар

«Банда жайлаған қала»дегенге мән бермеген едім.Диас Нұрақын Талғардағы жағдай туралы айтты

redaktor_qazyr

Премьер-Министрдің орынбасары Абай облысына жұмыс сапарымен келді

admin_qazyr

24 мамырда барлық мектептерде бірыңғай сынып сағаты өтеді  

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz