Qazyr.kz порталы
ҚазірҚоғамэкономика

Олжас Бектенов еңбек нарығын трансформациялауға бағытталған жаңа бастамаларды таныстырды

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еңбек нарығын цифрландыру және халықты жұмыспен қамту мәселелері талқыланды. Үкімет басшысы Мемлекет басшысының 2030 жылға дейін 3,3 млн адамды, оның ішінде 2,3 млн жасты жұмыспен қамту жөніндегі тапсырмасын нақты іске асыру қажеттігін атап өтті деп хабарлайды Qazyr.kz

Экономикадағы құрылымдық өзгерістерге байланысты еңбек нарығы түбегейлі трансформациядан өтуде. Бұрынғы кәсіптер жойылып, жаңа бағыттар пайда болуда. Осыған байланысты, Премьер-министр еңбек адамының беделін арттыру және заманауи талаптарға сай мамандар даярлаудың маңыздылығын атап өтті.

Үкімет жаңа жұмыс орындарын құруға арналған нақты мониторинг жүргізу үшін Инновациялық жобалар навигаторын әзірледі. Бұл жүйе жаңа жұмыс орындарының саны мен сапасын, олардың еңбек нарығына сәйкестігін және жұмыс берушілердің міндеттемелерін бақылауға мүмкіндік береді.

Алайда қазіргі жүйе тек ірі инвестициялық жобаларды қамтиды. Осыған байланысты, Премьер-министр жұмыс орындары туралы барлық ақпаратты қамтитын бірыңғай цифрлық жүйе әзірлеуді және іске қосуды тапсырды. Жүйе нақты уақыт режимінде жалақы, еңбек жағдайы, біліктілік деңгейі секілді мәліметтерді бақылауға мүмкіндік береді.

Үкімет отырысында уақытша жұмыспен қамту үлесінің жоғары екендігі айтылып, тұрақты жұмыс орындарының үлесін арттыру қажеттігі баса көрсетілді. Әсіресе, жас мамандарды тұрақты түрде жұмысқа тарту – басты басымдықтардың бірі.

Сонымен қатар, Премьер-министр шетелдік және отандық инвесторларға жаңа талап қойылатынын айтты. Енді жобаға салынатын инвестиция көлемінің кемінде 30%-ы еңбекақы төлеу қорына бағытталуы тиіс.

Кеңейтілген жоспарларды іске асыру үшін Премьер-министр мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге мынадай тапсырмалар берді:

Еңбек министрлігі мен облыс әкімдері еңбек нарығындағы негізгі көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс.

Әкімдер тұрақты жұмыс орындарын бақылауға алып, жұмыспен қамту жоспарын жүйелі орындауы қажет.

Ұлттық экономика министрлігі барлық жобалар бойынша деректерді 1 қыркүйекке дейін мемлекеттік жоспарлау жүйесіне енгізуі тиіс.

2025 жылдан бастап аудан және қала әкімдерінің жұмысы KPI көрсеткіштері арқылы бағаланады.

Цифрлық даму министрлігі жыл соңына дейін жаңа жұмыс орындарын есепке алатын бірыңғай цифрлық платформа құруы керек.

Бұл бастамалар еліміздің еңбек нарығын тиімді басқаруға, нақты мәліметке сүйене отырып, халықты сапалы және тұрақты жұмыспен қамтуға бағытталған.

 

 

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Ресейде Қазақстанда жоқ сараптама жасалады: депутат Шерзат ісі туралы айтты

admin_qazyr

Түркістан қаласына ерекше мәртебе беріледі

redaktor_qazyr

Тараз қаласының дәмханасының бірінде ер адам нанға қақалып,қайтыс болды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz