Qazyr.kz порталы
АймақҚазір

Олжас Бектенов: Каспий теңізін сақтау – аймақ елдерінің ортақ міндеті

Манжерок қаласында (Алтай Республикасы) өткен бірінші Халықаралық экологиялық конференцияда Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектенов Каспий теңізінің деңгейі төмендеп бара жатқанын аймақтың басты экологиялық сын-қатерлерінің бірі ретінде атап өтті деп хабарлайды Qazyr.kz

Пленарлық отырыста сөйлеген сөзінде Үкімет басшысы экологиялық қауіпсіздік кез келген мемлекеттің орнықты дамуы үшін маңызды шарт екенін атап өтіп, Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау бағытында жүйелі шаралар жүзеге асырылып жатқанын айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен іске асырылып жатқан «Таза Қазақстан» бағдарламасы бүгінде ауқымды экологиялық қозғалысқа айналып, қазақстандықтардың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігі болып отыр.

Табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған бастама аясында елімізде табиғи аумақтарды тазарту, су қоймаларының жағалауларын ретке келтіру және ағаш отырғызу бойынша экоакциялар тұрақты түрде ұйымдастырылады. Сонымен қатар Үкімет экологиялық заңнаманы жаңғыртып, табиғат қорғау саласына озық технологияларды енгізуде және экологиялық бақылауды цифрландыруда.

Биологиялық алуантүрлілікті сақтау үшін сирек кездесетін жануарлар популяциясын қалпына келтіру, ерекше қорғалатын аумақтарды кеңейту және Тұран жолбарысы мен Пржевальский жылқысын қайта жерсіндіру жобалары қолға алынған.

Каспий теңізінің деңгейі 2000-жылдардың басынан бері тұрақты түрде төмендеп келеді. Осыған байланысты Премьер-министр Каспий маңы мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықты жандандырудың маңыздылығын атап өтті. «Ғалымдардың болжамдары көңіл көншітпейді. Бірегей су айдынын сақтап қалу үшін барлық мемлекеттердің батыл және үйлестірілген іс-қимылы қажет», — деді Олжас Бектенов.

Сонымен қатар Премьер-министр Арал теңізі аймағындағы жағдайға да тоқталды. Қазіргі таңда Қазақстан Халықаралық Аралды құтқару қорына төрағалық етіп, Көкарал бөгетін нығайту, Сырдария сағасын қалпына келтіру, балық шаруашылығын қолдау және бұрынғы теңіз түбін көгалдандыру бойынша ауқымды жобаларды жүзеге асыруда.

Форумда Орталық Азия мұздықтарын сақтау мәселесі де көтерілді. Сарапшылардың мәліметінше, ғасыр соңына дейін өңір мұздықтарының көлемі айтарлықтай азаюы мүмкін. Осыған байланысты Қазақстан Президенті Эр-Рияд саммитінде «Су мұнаралары серіктестігін» құруды ұсынды. Алматы қаласында ЮНЕСКО қамқорлығымен жұмыс істейтін Орталық Азиялық өңірлік гляциологиялық орталық өңірлік зерттеулердің маңызды платформасына айналды.

Қазақстан су ресурстарын басқаруда да бірлескен жобаларды іске асыруға дайын екенін атап өткен Премьер-министр форум өтіп жатқан Алтай өлкесінің түркі өркениетінің бесігі ретіндегі символдық мәніне де тоқталды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Жетісу облысында жаңа халықаралық әуежай салынады

admin_qazyr

Ата-анасы мен бауырларынан айырылған ер адамға сот үкімі шықты

Redaktor Site

Тамара Дүйсенова Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz