Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Ордабасы ауданында 3 рет дүкенге ұрлыққа түскен жас жігіт ұсталды

Ордабасы ауданында 3 рет дүкенге ұрлыққа түскен жас жігіт ұсталды.Бұл туралы QAZYR.KZ хабарлайды.

Ордабасы аудандық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында дүкен ұрлығына қатысы бар жас жігітті қолға түсірді.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті таңға жуық уақытта пластик терезені ашу арқылы азық-түлік дүкеніне кіріп, кассада тұрған 100 000 теңге ақшаны алу барысында ұсталған. Ұрлық фактісі дүкендегі бейнебақылау камерасына түскен.

Күдіктінің аталған оқиғаға дейін осы дүкенге 3 рет ұрлық жасағаны белгілі болды. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ұқсас жаңалықтар

Азаматтық белсенділік пен билік: ынтымақтастық кезеңі басталды

admin_qazyr

Үйің болмай,күйің болмас

redaktor_qazyr

Әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжастың басы дауға қалды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz