Qazyr.kz порталы
Қазір

Президент Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасына құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың және жеке өзінің атынан Си Цзиньпин мен қытай халқын ҚХР-дың құрылғанына 75 жыл толуымен құттықтады.Бұны Qazyr.kz  Aqorda-ға сілтеп хабарлайды.

Мемлекет басшысы құттықтау жеделхатында ел бірлігі мен тұтастығының бірегей нышаны саналатын бұл күннің орны ерекше екеніне тоқталды. Сонымен қатар Қытайды әлемдегі көшбасшы, әрі жаһандық орнықты дамуға, халықаралық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге зор үлес қосып отырған қуатты мемлекет ретінде атап өтті.

Президент Қазақстан мен Қытай арасындағы сан қырлы ынтымақтастық стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды. Екі елдің мызғымас достық пен тату көршілікке негізделген байланысы қос халықтың игілігі жолында ұдайы нығая беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпиннің аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас қытай халқына бақ-береке тіледі.

Ұқсас жаңалықтар

«Көктөбе көктемі»: Ұлттық рух пен көркем ойдың тоғысқан тұсы

admin_qazyr

Сарапшылар Қытайдың Temu онлайн сауда платформасын шпиондық бағдарлама деп қауіптеніп жатыр

redaktor_qazyr

Президент бірқатар елдің елшілерін тағайындады

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz