Qazyr.kz порталы
Жаңалықтар

Орталық Азия елдері өздерінің көлік-логистика кешенін қалыптастыруда

Қазақстан темір жолы ұлтық компаниясы 2027 жылы «Дарбаза-Мақтаарал» бағытындағы темір жол құрылысын қолданысқа беремекші. Аталған бағыт Сарыағаш станциясының жұмысын жеңілдетіп, Өзбекстанға экспорт көлемін арттырды. Сонымен қатар бұл жол «Сарыағаш-Ташкент» бағытына балама болады.

Қазіргі танда жолдың 100 шаңырымдық рельс төселген. Инвестициялық жобаның жалпы құны 286 млрд теңгені құрап отыр. Темір жол құрылысын жүзеге асыруға 46 дана жол құрылыс техникасы, 70-тен астам маман жұмырылдырылған.

Жоба аясында қазақ-өзбек шекарасында жаңа өткізу пункті қолданысқа беріледі.

Соңғы жылдары Орта Азия елдері өзара жолаушылар мен жүк тасымалы көлемін арттыруды көздеп отыр. Осы орайда «Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан» елдерін байланыстыратын ұзындығы 486 шақырымдық темір жол құрылысы басталды.

 «Қашқар-Торуғарт-Мақмал-Жалал-Абад-Әндіжан» темір жол бағытымен жылына 15 млн тонна жүк тасымалданды деп күтілуде. Мамандар мұндай жағдайда жүк жеткізу уақыты 7 күнге дейін қысқаратын алға тартуда.

Бұдан бөлек 2024 жылдың 16-шы қарашасынан бастап «Алматы-Түркістан-Ташкент-Алматы» бағытында жолаушыларға арналған саяхат маршыруты ашылған болатын. Осылайша темір жол бойынша Орталық Азия елдері арасында біртұтас логистикалық кешен пайда болайын деп тұр.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

«Төрт әйелі мен зәулім үйі бар»Әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқан ер адамға айыппұл салынды

redaktor_qazyr

Мемлекет басшысы қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды

admin_qazyr

Дін саласындағы өзекті мәселені қозғап, байқауға қатысыңыз!

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz