Qazyr.kz порталы
АймақБілімҚазір

Өскеменде ерекше балаларға арналған «DEMEY» атты жаңа ресурстық орталық ашылды

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Өскемен қаласында ерекше балаларға арналған «DEMEY» ресурстық орталығының салтанатты ашылуына қатысты деп хабарлайды Qazyr.kz

Орталық тірек-қимыл аппараты бұзылған, психоневрологиялық ауытқулары бар балаларды дамыту мен оңалтуға арналған. Сонымен қатар, қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларды уақытша орналастырып, әлеуметтік, психологиялық және құқықтық көмек көрсетіледі.

Орталық бұрынғы әкімшілік ғимараттың негізінде, Өскемен қаласындағы Тургенев көшесі, 30 мекенжайында орналасқан. Нысан әлеуметтік қорғау саласына қызмет көрсету үшін бейімделіп, жөндеу жұмыстары бюджет есебінен жүргізілген. Ал кәсіпкерлер жиһазбен және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге өз үлесін қосты.

» Жаңа әлеуметтік нысанның ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Бұл ерекше балалар үшін даму, білім және шабыт мекені боларына сенімдімін. Мемлекет ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды әрдайым қолдайды», – деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Оның айтуынша, жаңа орталық мүмкіндігі шектеулі балаларды кеңінен қамтуға, оңалту сапасын арттыруға және 18 жастан асқан тұлғаларға қызмет көрсетуге жол ашады.

ШҚО бойынша 3615 ерекше бала тіркелген болса, соның 2156-сы облыс орталығында тұрады. Бүгінде 685 бала арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылған. Сонымен қатар, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы 134 балаға оңалту, білім беру және түзету бағытында көмек көрсетілуде.

Орталықта мынадай қызметтер ұсынылады:

реабилитолог, логопед, дефектолог, нейропсихолог, эрготерапевт мамандардың кеңестері,

емдік және бейімдік дене шынықтыру,

мектепке дейінгі дайындық пен дамытушы сабақтар,

сурет және қолөнер үйірмелері,

сенсорлық интеграция мен релаксация залдары,

ата-аналарға арналған психологиялық кеңес беру.

Дағдарыс жағдайындағы отбасыларға қолдау

Орталықтың құрылымында дағдарыс бөлімшесі де бар. Мұнда уақытша тұруға арналған бөлмелер, алғашқы медициналық тексеру, үш мезгіл тамақ, күнделікті өмірге қажетті жағдайлар жасалған. Сонымен бірге, жәрдемақы рәсімдеу мен жұмыспен қамту мәселелері бойынша көмек көрсетіледі.

 

 

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Бәрі де сүйгенім саған

Redaktor Site

«Ақшаны үнемдеңіздер»: Елімізге танымал сынықшы Бағдагүл Лепесова халықты тойшылдықты азайтуға шақырды

redaktor_qazyr

Қытайдың ең көне қаласы

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz