Qazyr.kz порталы
Руханият

Өткізіп алма

Өткізіп алма.

Қызбен жігіт сіз деген,
Бірін-бірі іздеген.
Болмайтынға ұрысып,
Жүректері сыз берген.
Бұл жастықтың шуағы,
Еркелік сәннің бұлағы.
Тау суындай мөп-мөлдір,
Қызбен жігіт шырағы.
Көрмесе аңсап тұрады,
Сезімі жанның пырағы.
Сөз сөйлейді назданып,
Бұрмалап, ойы қиялы.
Жаралы жүрек ұйықтамас,
Сезмге толы, жаны мас.
Кездесу сәті келгенде,
Айтылар сөзде, айтылмас.
Қызғаныш сезім бұлайды,
Бұлданса жүрек,сол қайғы.
Хабарсыз кетсе сәл мезет,
Жүректе шыдап тұрмайды.
Сабырсыз қылар бұл жүрек,
Ғашықтық дерті, кеу-кеулеп.
Уақытты созбай, ширатып,
Ұстағай қолды бірлесіп.
Махаббат жөні бір бөлек,
Тағдыр қосса жөн, дер ек.
Уыста ұстап сүйгенді,,
Өткізіп алма, өткен қып.
14.09.2924жыл.

Ұқсас жаңалықтар

Бауыржан Үсенов — Кәрі төбеттің соңғы сөзі

Redaktor Site

Өмірбек Жолдасбеков

Redaktor Site

Мерген Тоқсанбай — Сен керексің

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz