Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Түркістан облысындағы №55 колонияда тұтқындар бүлік шығарды

Түркістан облысындағы №55 колонияда тұтқындар бүлік шығарды.Бұл туралы Qazyr.kz тілшісі хабарлайды.

Оқиға 20 қыркүйек кешкі уақытта болған.Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің қызметкерлері абақтыға тыйым салынған заттарды анықтау бойынша жоспарлы тексеру жүргізген. Тексеру кезінде бірнеше жазасын өтеуші тәртіп бұзғаны үшін карцерге қамалған екен.Бұл жәйт колониядағы тұтқындардың наразылығын тудырған.Істі болғандардың 750-ден астам жазасын өтеуші отырған колонияда, 400-ге жуық адам қарсылық көрсеткен. Кешкі сағат 19:30-да тұтқындар трансформаторды өртеген.

Колониядағы наразылық кезінде Ұлттық ұланның екі әскери қызметкері,бір полиция қызметкері жеңіл жарақат алды.

Қазір оқиғаға қатысты «Қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарына бағынбау» бабы (428-бап, 3-бөлік) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ұқсас жаңалықтар

«Хан Тәңірі» инновациялық хабы Қытайда ашылды: Еуразиялық стартаптарға жаңа мүмкіндіктер

admin_qazyr

Перизат Қайрат 10 жылға сотталды: Алаяқтық ісінің мән-жайы

admin_qazyr

Асқазан тамақты қорытпаса не істеу керек?

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz