Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Өз-өзіңнен жасқанып

Жастық шақта, сірә, нені аңғардық,
Жүруші едік әрнені бір арман ғып.
Жылдар әрең жылжитындай көрініп,
«Уақыт неге өтпейді» деп таңғалдық.

Білім қудық.
Көп іздендік.
Көп білдік.
Жастыққа тән аңғалдық һәм өткірлік.
Қарсы алғанда
Жаңа келген жылды да
«Келмей қайда кетуші еді?!» — деп күлдік.

Жастық дәурен көрген түстей жоғалды,
Сағынышпен еске алмасақ обал-ды.
Бір ғажабы —
Жер ортадан асқанда
Уақыт енді зырлайтұғын боп алды.

Мосқал тарттық.
Арагідік жиналып,
Төрде отырып сөз сөйлейміз диланып.
«Жылдар қалай заулайды?!» — деп таңғалып,
Бурыл бастар отырамыз қиналып.

Жаңа жылда кетер думан басталып.
Ал сен болсаң өз-өзіңнен жасқанып:
«Осы жылым — соңғы жылым болмасын!»
Дейсің іштей…
Жанарыңды жас қарып…

Ұқсас жаңалықтар

Моғолстан мемлекеті

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Ақұштап Бақтыгереева-Сенгім келмейді

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz