Qazyr.kz порталы
ҚазірҚоғам

Перизат Қайрат ісі: Жәбірленушілер саны 100-ден асты

Перизат Қайратқа қатысты қылмыстық іс алдағы күндері сотқа жолданады, деп хабарлайды Qazyr.kz.

Бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) Қайраттың іс материалдарымен танысу процесін әдейі созып жүргенін айтып, оған 9 маусымға дейінгі нақты мерзім белгілеген еді.

ҚМА төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесовтің айтуынша, күдікті аталған мерзімге дейін іс материалдарымен толық танысып үлгерген.

“Қазіргі уақытта іс материалдарымен танысу аяқталды. Қорғаныс тарапынан келіп түскен өтініштер мен оларға берілген жауаптарды жинақтап жатырмыз. Бір-екі күнде істі прокуратураға, кейін сотқа жолдаймыз”, – деді ол.

Қазіргі таңда күдікті ретінде екі адам – Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаева танылып отыр. Жәбірленушілер саны 100-ден асады.

Еске салсақ, Перизат Қайратқа су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға және соғыс салдарынан жапа шеккен палестиналықтарға жиналған 3,5 млрд теңге қаржыны жымқырды деген айып тағылып отыр.

Сондай-ақ, мүгедектігі бар балаларға арналған оңалту орталығын салу үшін жиналған қаражаттың да заңсыз пайдаланылғаны тергеу нысанында.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Ильхам Әлиев пен Владимир Зеленский Давоста кездесу өткізді

redaktor_qazyr

ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлері: Астанадағы парадқа кімдер қатысады

admin_qazyr

Талдықорғанда күдікті ер адамды өлтіріп, өртеп жіберген

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz