Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтар

Петропавлда зейнеткер 3 млн теңгесін алаяқтарға ұсынған

Петропавлда полицейлер зейнеткерді 3 миллион теңге шығыннан құтқарды, деп хабарлайды Qazyr.kz порталы ІІМ-не сілтеме жасап. 

Петропавлдық 63 жастағы зейнеткер интернет-алаяқтардың құрбаны бола жаздады. Оған белгісіз адамдар қоңырау шалып, оның банктік шотына алаяқтар күмәнді операция жүргізіп жатқанын айтып қорқытқан.

Бұны естіген қала тұрғыны қылмыскерлердің нұсқауларын орындау үшін көрсетілген банкке 3 миллион теңге сомасында қолма-қол ақша алып бара жатқан. Бірақ бұл ақшаны банкомат арқылы қалай аудару керек екенін білмеген. Жолда полиция бекетіне кіріп, жағдайды баяндаған.

Тәртіп сақшылары интернет-алаяқтық екенін біліп, шығынның алдын алды.

Ұқсас жаңалықтар

Тоқаев: Тасқын судан зардап шеккен азаматтарға айтарым, мемлекет бірде-бір адамды ескерусіз қалдырмайды

redaktor_qazyr

Ашықтық пен жариялылық: Қоғамдық кеңес мүшелерін іріктеу қалай өтті?

redaktor_qazyr

Иран Израилге әуеден соққы жасады.Тель-авивтің айтуынша шабуыл тойтарылды.

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz