Qazyr.kz порталы
ҚазірҚоғам

Президент қылмыстық заңнаманы оңтайландыру мәселелері бойынша заңға қол қойды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңмен Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Қылмыстық-атқару кодекстеріне, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексіне, «Жедел-іздестіру қызметі туралы», «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» және басқа да заңдарға түзету енгізілді.

Түзетулердің бірінші блогы қылмыстық заңнаманың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Түзетулердің екінші блогы қылмыстық заңнаманы жетілдіруді және кейбір қоғамдық қауіпті әрекеттер үшін жауапкершілікті арттыруды көздейді.

Түзетулердің үшінші блогы қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге, қылмыстық процесті оңтайландыруға бағытталған.

Түзетулердің төртінші блогы қылмыстық-атқару заңнамасын жетілдіруге арналған.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Ұқсас жаңалықтар

ҚҚС реформасы: Қай салаларға өзгеріс енгізілмейді?

redaktor_qazyr

Ұлттық креатив фестивалі: Мәдениет, өнер және білім саласын біріктірген ерекше шара

admin_qazyr

Солтүстік Арал теңізінің айдыны суға толып, балық популяциясы қалпына келді

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz