Ертең Алматы қаласында ауа райы құбылмалы болып, жаңбыр жауады деп күтілуде, деп хабарлайды Qazyr.kz тілшісі «Қазгидромет» синоптиктерінің болжамына сілтеме жасап.
Мамандардың дерегінше, оңтүстік астанада қараша айының соңына тән емес ерекше жылымық ауа райы сақталады. Алайда қала тұрғындары мен қонақтарына далаға шыққанда қолшатыр ала жүруге кеңес беріледі.
Алматыда ертең ауа температурасы түнде +7...+9 градус шамасында болса, күндіз сынап бағанасы +15...+17, тіпті кей сағаттарда +19 градусқа дейін көтеріледі. Сонымен қатар батыстан соғатын желдің екпіні 13 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.
📌 ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ОҚЫҢЫЗ:Кок-Жайлау: новые перспективы для туристического рынка→
Кешке қарай жаңбыр күшейеді
Еліміздің басым бөлігінде қалың қар мен үскірік боран соғып тұрғанда, оңтүстік өңірлерде жылы ауа массалары басымдыққа ие болып тұр. Соған қарамастан, күндіз және кешкі уақытта жауын-шашын көлемі ұлғаюы мүмкін.
Мамандар жаңбыр салдарынан тау бөктері мен қала көшелерінде көріну қашықтығы төмендеп, тайғанақ туындауы ықтимал екенін ескертеді.
Төтенше жағдайлар қызметі мен жол сақшылары жүргізушілерден қашықтықты қатаң сақтап, жылдамдықты асырмауды, ал жаяу жүргіншілерден жолдан өту кезінде барынша абай болуды сұрайды.