24.3 C
Шымкент
15-Апрель, 2025
Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Qaznews24 сатиралық паблик авторы Темірлан Еңсебектің үйіне тінту жүргізіліп,өзін полиция басқармасына алып кетті

Qaznews24 сатиралық паблик авторы Темірлан Еңсебекке қатысты тағы да қудалау басталды. Оyan, Qazaqstan қозғалысының белсенділері сатиралық паблик авторының үйіне тінту жүргізілгенін мәлімдеді.Қазір оны Алматы қаласының Масанчи көшесіндегі полиция басқармасына алып кетті.Бұл туралы Qazyr.kz тілшісі хабарлайды.

Белсенділердің айтуынша, Темірлан Еңсебекке әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни алауыздықты қоздыру бойынша қылмыстық кодекстің 174-бабы негізінде айып тағылған. Бұл айып оны сатиралық контент арқылы қоғамдағы маңызды мәселелерді көтергені үшін салынған болуы мүмкін.

«Шұғыл! Қазір біздің досымыз Темірлан Еңсебектің үйінде тінту жүріп жатыр!» деп жазылған қозғалыс белсенділерінің мәлімдемесінде. Олар осы оқиғаның қудалаудың жаңа кезеңі екендігін айтып, әлеуметтік желілер арқылы ақпарат таратты.

Бұл оқиға сатиралық паблик авторының алғаш рет қудаланғаны емес. 2021 жылдың мамыр айында Темірлан Еңсебек ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша айыпталып, тергеу жүргізілген еді. Ол кезде оның көрінеу жалған ақпарат таратуы туралы мәселе көтерілген болатын. Бұл жағдай елдегі сөз бостандығы мен шығармашылық еркіндігіне қатысты сұрақтарды қайтадан көтеріп отыр.

Ұқсас жаңалықтар

2029 жылы Апофис астероиды жерге жақын аралықтан өтуі мүмкін — Ғалымдар алаңдаулы

redaktor_qazyr

Түркістан облысының,Келес ауылындағы тұрғын газбен жүретін трактор құрастырып шығарды

redaktor_qazyr

Жетісу облысында әлеуметтік осал топтар санатындағы отбасылар үйлі болды

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz