Сурет: qazyr.kz
Qazyr.kz ақпарат агенттігі ИП «Шархан Медиа» басқаруына өтуі мүмкін. Бұл өзгеріс туралы агенттік басшылығы ресми түрде хабарлады. Агенттік өкілдерінің айтуынша, бұл қадам қызмет сапасын арттырып, ақпараттық саясатты дамытуға бағытталған.
Алдағы уақытта агенттіктің мазмұндық бағыты мен жұмыс үдерісінде қандай өзгерістер болатыны туралы қосымша мәлімет беріледі деп күтілуде.
Айта кетейік,агенттік қазақ тілді оқырмандарға елдегі және әлемдегі маңызды жаңалықтарды, пайдалы кеңестерді, сондай-ақ әдебиет, тарих, мәдениет,руханият туралы тақырыптардп ақпарат тарататын.