Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратҚазір

САУНАДА ЛАГЕРЬ АШҚАН КӘСІПКЕР МЕМЛЕКЕТТЕН 107 млн ТЕҢГЕ АЛҒАН

Алматы қаласы мәслихатының депутаттары, Ұзынағаш ауылындағы «Арман дала» лагеріне барып,ондағы жағдаймен танысты, деп хабарлайды Qazyr.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы депутат Нұргүл Тау әлеуметтік желіде жазды.

 

«Бүгін әлеуметтік желі қолданушылардан түскен ақпарат бойынша Ұзынағаш ауылындағы «Арман дала» лагеріне Respublica партиясы атынан Алматы қалалық мәслихат депутаттары Қайрат Бегалин және Жалынбек Жайнарбаймен бірге барып, жағдайымен таныстым. Жазғы лагерьде баланың демалуына жағдай жасалмаған, өрескел бұзушылықтар орын алғандығына куә болдым. Лагерь ыңғайластырылған бұрынғы сауна ғимаратында орналасқан.
Қызмет көрсетуші «БелРичи» ЖШС. Мемлекеттік сатып алу шартына сәйкес қызмет көрсету құны 107,8 млн. теңге. Жоспар бойынша 1150 бала демалыспен қамтылуы тиіс.
Мемлекеттік сатып алу процедулары қалай жүргізілгендігі төңірегінде мәселе туындауына байланысты менің тарапымнан ҚР Бас прокуратурасына, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне, Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне тексеру жүргізу жөнінде сауал жолданды.
Оқу-ағарту министрлігінің ақпараты бойынша жақын арада балалар басқа демалыс лагерлеріне жіберіледі.
Бұл мәселені өз бақылауыма алдым.»,-деді депутат.

Ұқсас жаңалықтар

Енді жаңа туған нәрестеге ЖСН бірден беріледі

redaktor_qazyr

Алматы тауларында 20 жастағы жігіт жоғалып кетті: құтқарушылар іздестіруді жалғастырып жатыр

admin_qazyr

Грекия мен Қазақстан 5:0 есебімен ойынды аяқтады

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz