Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтар

Ресей Қырғызстанға жел электр станциясын салып бермек

Ресей Қырғызстанға жел электр станциясын салмақшы, деп хабарлайды Qazyr.kz порталы. «Росатом жаңартылатын энергия» АҚ Бас директоры Григорий Назаров жел паркінің белгіленген қуаты 100 мегаватт болатынын айтты. 2025 жылы Қырғызстанның Ыстықкөл облысы Көк-Мойноқ ауылында жел электр станциясының құрылысы басталады.
«Ол 200 гектар жерде орналасады. Қондырғылардың өзі аз орын алады, тиісінше осы жердегі жолдар мен жайылымдар жергілікті тұрғындар үшін қолжетімді болады», — деп атап өтті Назаров.

Григорий Назаров құрылыс аяқталғаннан кейін станция 25-30 жыл ішінде электр қуатын өндіре алатынын айтты.

Ұқсас жаңалықтар

Жетісу облысында «Ыстық ұя» экологиялық акциясы өтті

admin_qazyr

Трамп Канада, Мексика және Қытай импортына баж салығын енгізді

redaktor_qazyr

Арыста 6 қазан күні қоғамдық көліктер жолаушыларды тегін тасымалдайды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz