Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтар

“Астана” мен “Челси” арасындағы матч қайда өтетіні белгілі болды

12 желтоқсан күні «Астана» футбол клубы УЕФА Конференция лигасы аясында лондондық «Челсиді» қабылдайды. Матч Алматыдағы орталық стадионда өтетін болды, деп хабарлайды Qazyr.kz порталы.

Ресми ақпарат «Челси» футбол клубының сайтында жарияланды. Онда сыйымдылығы 30 000 көрерменді құрайтын, шатыры тартылатын және жер асты жылытуы бар «Астана Арена» стадионы жөндеу жұмыстарына жабылғаны, соған байланысты «Астана» футбол клубы матчтарын басқа стадионда өткізуге мәжбүр екені айтылған. «Олар осыған дейін Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде «Милсами», «Корвинул» және «Браннға» қарсы матчтарын Алматы орталық стадионында өткізген. 12 желтоқсанда дәл осы стадионда «Челсиді» қабылдайды», — делінген хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында полиция 237 шетелдікті елден шығарды

redaktor_qazyr

Аманғали Бердалин Жетісу облысының шаруаларымен кездесті

admin_qazyr

Динара Закиева бойдақ ер адамдардың бала асырап алуы туралы шешімге қарсы шықты

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz