Qazyr.kz порталы
ӘлемӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғамСаясат

Ресейдің бөлінуі Қапқаздан басталады- Саакашвили

Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили Ресей Федерациясына қатысты өз пікірін білдірді.Ол Грузин халқына және Солтүстік Қапқаздың тұрғындарына үндеу жасап, Ресей билігінің әлсіреген уақытын тиімді пайдалану қажеттігін алға тартты.Бұл туралы Qazyr.kz тілшісі хабарлайды.

«Мен Қапқазды бірнеше ғасыр бойы құлдықта ұстаған, халықтарды түбегейлі жойып жіберген, сонымен қатар осы жауыздықты, геноцидті және Қапқазды орыстандыру саясатын әлі де жалғастырып жатқан Ресей империясының бүкіл халқының назарын аударғым келеді!

Қазір біз Имам Шәмілдің, Байсангурдың, Жохар Дудаевтардың және олар секілді еркіндікке ұмтылған батырлардың рухтарын жаңғыртуымыз қажет! Оянатын уақыт келді, әрекет ететін кез туды.

Қазіргі уақытта (Пригожиннің бүлігі) оқиғалары Мәскеудің билік жүйесінің әлсіздігін айқын көрсетті.

Ескі қарсылық топтарын қайтадан жандандырып, жаңа қарсылық күштерін ұйымдастырыңыздар! Әр түрлі аймақтардағы диаспоралармен байланыс орнатып, сол арқылы, Украина арқылы, Мәскеуге қарсы тұрыңыздар. Солтүстік Қапқаздың тәуелсіздігі мен демократиялық болашақ үшін күресейік. Ресейді ыдырату үшін өзара ынтымақтастығымызды нығайтуымыз қажет», — деп жазды Саакашвили әлеуметтік желіде.

Сонымен қатар, ол «Азат Қапқаз» ұйымының тұрақты хатшылығын Киевте ашу қажеттігін мәлімдеді.

Ресейдің ыдырауы — Қапқаздан басталады!

Бұл оқиғаға дейін мамыр айында Киевте Солтүстік Қапқаз халықтары ұлттық қозғалысының жетекшілері бас қосқан болатын. Онда Солтүстік Қапқаз халықтары одағын құру туралы келісім қабылданды. Жиынға қатысушылар қабылдаған резолюцияда Ичкерия Шешен республикасын босату туралы үндеуді әзірлеп, оны БҰҰ-ға мүше мемлекеттерге жолдайтыны атап өтілді.

Ұқсас жаңалықтар

Күзде қант қымбаттауы мүмкін

redaktor_qazyr

Құқық қорғаушылар «Орал апталығы» газетіне салынған айыппұлды жоюды талап етуде

redaktor_qazyr

Монтайтастағы 21 жастағы жігіттің өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүріп жатыр

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz