Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратСаясат

Ринат Зайытов: Халық масыл емес, тек оған билік жұмыс істеуге мүмкіндік берген жоқ

Ринат Зайытов: Халық масыл емес, тек оған билік жұмыс істеуге мүмкіндік берген жоқ.

«Бізде тоқсаныншы жылдардан бері шәкіртақы, жалақы көтеріліп жатыр. Әлеуметтік төлемдер беріліп жатыр. Біз тоқсаныншы жылдардан бері өсіп келе жатқан жастарды масылдыққа үйретіп қойған жоқпыз?» деп сұрайды талқыға қатысқан спикерлердің бірі Ринат Зайытовтан. Депутат оның ойымен келіспейді. Ринат Зайытовтың айтуынша, бұған дейін билік ешкімге жұмыс істеуге мүмкіндік бермеген.
«Мәселен, ауылда он шақты баласы бар ақсақал бар. Жері бар. Бір жеріне малын жаяды. Егер сол малдың терісі мен жүнін сата алатын болса, ол баласы да ешқайда кетпейді. Сол жерде ары қарай жұмыс істейді. Ал біз ауылда жағдайы жоқ, қалаға қаңғып келіп, жұмыс таба алмай, одан кейін шиеттей бала-шағасын сүйретіп, біреудің босағасын паналап жүрген қазақтарды қалай масылдыққа тәрбиеледік деп ұялмай айта аламыз? Біз оларды осындай өмірге мәжбүрлеген шығармыз?» — дейді депутат «Атамекен” арнасындағы бағдарламаға қатысқанда айтқан сөзінде.

Дереккөз: Qaz365kz

Ұқсас жаңалықтар

Арыста 30-шы қазан күні ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

redaktor_qazyr

Енді Ресей заңын бұзған өзбекстандықтар Қазақстанға кіре алмайтын болды

redaktor_qazyr

Бектенов : Жаңа салық кодексі бәріне түсінікті болуы керек

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz