Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратҚазір

Енді Қазақстанда Яндекс индрайвер жүргізушілері 8 сағаттан артық жұмыс істей алмайды

«Енді Қазақстанда Яндекс,индрайвер жүргізушілері күніне 8 сағаттан артық жұмыс істей алмайды»,-деп хабарлайды QAZYR.KZ  ақпарат агенттігі.

Көлік министрлігі комитетінің басшысы Әли Алтайдың сөзінше:

«Елімізде InDriver және Яндекс қосымшалары пайда болғалы, бұл сала тез дамып кетті. Өкінішке қарай олардың жүргізушілері жылдамдық шектеулерін және демалыс кестесін сақтамайды. Олар күніне 9 сағаттан артық жұмыс істемеуі керек. Олар бұл мүмкіндікті теріс пайдаланып, нәтижесінде қырғалығынан айырылып жатады. Елімізде жол-көлік оқиғаларының 35 пайызы дәл осындай жағдайлардың кесірінен болады. Бізде заңсыз тасымалдаушылармен күресудің жол картасы бар. Оның ішінде inDriver және Яндекс бағдарламалық қосымшалары да бар»

Оның сөзінше, жол картасы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен бірлесіп жүзеге асырылады. Онда жылдамдықты шектеу, күнделікті жұмыс уақытына шектеу мәселесі басты назарға алынбақ.

«Біз орташа жылдамдықты бақылайтын боламыз. Мәселен, жүргізушілер Қарағандыдан Астанаға бір сағатта жете алмайды. Иә, біз мұның адамдарға ыңғайлы екенін жасырмаймыз, бірақ бұл үшін жауапкершілік қарастырылған. Сондай-ақ Тасымалдаушылар 8 сағаттан артық жұмыс істей алмайды яғни басқа уақытта тапсырыс қабылдай алмайды»,-деді комитет басшысы.

Ұқсас жаңалықтар

Қостанай облысының Жангелді,Амангелді аудандарында егістік алқаптарын шегірткелер қаптап кетті

redaktor_qazyr

Сапалы ауыз су Жетісай ауылдарына жетті

admin_qazyr

ШҚО-да жеті студенттік ассамблея ашылды

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz