Qazyr.kz порталы
ӘлемБасты ақпаратЖаңалықтарҚазір

Сауд Арабиядағы қасиетті Мекке мен Мединa қалаларын су басты

Фотоколлаж: Qazyr.kz

Сауд Арабиядағы қасиетті Мекке мен Мединa қалаларын су басты.Бүл туралы Qazyr.kz тілшісі хабарлайды.

Сауд Арабиясында толассыз жауған нөсер жаңбырдың салдарынан Мекке, Медина және Джидда қалалары жаппай су тасқынына ұшырап, ауыр зардап шекті. Қалалардағы көше жолдары толығымен суға толып, өзен арнасына ұқсап кетті, ал көптеген көліктер су астында қалып, олардың тек төбелері ғана көрініп тұрды.

Мекке қаласында тасқын салдарынан қозғалыс мүлдем тоқтап, көліктер жарамсыз күйге түсіп, адамдар қауіпсіз жерлерге көшірілуге мәжбүр болды. Джиддада орын алған су тасқыны 2009 жылғы қайғылы оқиғаны еске түсірді. Ол кезде бұл аймақтағы табиғи апат жүзден астам адамның өмірін қиған болатын. Сол қайғылы жағдайдың салдары әлі күнге дейін халық жадында сақталған.

Жергілікті тұрғындар жойқын тасқыннан құтылу үшін үйлерін тастап, көшеге шығып, көліктерін тастап кетуге мәжбүр болды. Көптеген адамдар паналайтын орын іздеп, су деңгейі көтерілген аудандардан қауіпсіз жерлерге қарай жылжыды.

Ұқсас жаңалықтар

Nege.kz порталына хакерлер шабуыл жасап жатыр

redaktor_qazyr

Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

admin_qazyr

Зеленский: Қытай Ресейді соғысты тоқтатуға мәжбүрлей алады

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz