Qazyr.kz порталы
ӘмбебапПайдалы кеңестер

Себореялы дерматитті қалай емдеуге болады?

Себореялы дерматитті қалай емдеуге болады?

Бас терісі,мұрын,құлақ іші мен артындағы терілердің қызаруы мен қышынуы,терінің құрғап,қабыршақтануын байқасаңыз бұл себореялы дерматиті.Бұл май бездерінің жалпы жұмысының бұзылуымен сипатталатын тері ауруы. Егер уақытында емдемесеңіз, экзема және дерматит сияқты жағымсыз әсерлер пайда болуы мүмкін. Мамандар себореяны емдеуді диагноздан кейін ғана бастай алады.

Себореяның басты белгілері қандай болады?

1.Терінің тұрақты түрде қышып, түлейді.

2.Терінің құрғап қабыршақтанып,қайызғақ басады.

3. Шашыңыз түсіп,сирей бастайды.

4.Теріңізде қызыл дақтар мен тітіркену пайда болады

Халық емімен қалай емдейді?

Ең басты мәселе ішкі құрылысыңызда,гастролог дәрігерге ішкі құрылысыңызды оның ішінде ішек жолдары, асқазанды тексертіңіз.Егер сіз дерматологқа барсаңыз сіз аурудың шығу себебін емес,уақытша ғана сыртқы факторлармен күресіп,емдейсіз.Ал ішкі құрылысыңызда ақау болғандықтан,ауруыңыз қайта-қайта қызарулар мен қабыршақтар(қайызғақтар) пайда болып мазаңызды ала беретін болады.

Қалай емдеу керек?

1.Диетаға 3 ай отыруыңыз керек.Ас мәзіріңізге(күріш,қарақұмық,ащы емес,не қатты тәтті емес көкөніс пен жемістер жеңіз)

2.Ағарған өнімдерін жеңіз( Майлы,ащы,тәтті болмауы керек.)Майлы емес ірімшік,майлы немесе ащы емес айран,сүзбе жеуді әдетке айналдырыңыз.

Басты дұрыс жуу мен тазалау

1.Арнайы дәріханадағы сусабындар( Ducray,Дермазол,кетоконазол сусабындары).Бірақ жиі жууды әдетке айналдырмаңыз!

2.Бас теріңізді пилинг сусабындарымен жуып,қабыршақтарын жібіген теріңізден алып тазартыңыз.Бас теріңіздегі қабыршақтарды тазаламаса шашыңыздың түбінн ауа өтпей түсуі жиілеп,сирек таз баз болуға септігін тигізеді.

Ескерту! Ең алдымен дәрігерлен кеңес алыңыз,себебі сіздің бас теріңіздегі қызпру мен қабыршақтану аурулары әр түрлі дәрежеде болуы мүмкін.Дегенімен ең алдымен гастролог маманына кейіннен дерматолог дәрігерге көрінген абзал!

 

Ұқсас жаңалықтар

Пияздың пайдасы

redaktor_qazyr

Connected конференциясында білім беру жүйесінен болашақтың адамына тапсырыс беру туралы талқыланды

redaktor_qazyr

Майлы және қуырылған тағамдардың зияндылығы

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz