Qazyr.kz порталы
АймақҚазірСпорт

Семейде халықаралық ABAY CUP 2025 футбол турнирі басталды

Семей қаласында тұңғыш рет халықаралық деңгейдегі ABAY CUP 2025 футбол турнирі басталды. Бұл дода ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Жарысқа Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан елдерінен келген 11-12 жастағы жасөспірімдерден құралған сегіз команда қатысуда деп хабарлайды Qazyr.kz

Турнир аясында тек спорттық бәсеке ғана емес, сонымен бірге қатысушы балаларға арналған мәдени-танымдық бағдарламалар да ұйымдастырылды. Жас спортшылар Абай музейін аралап, Семейдің тарихи орындарымен танысып жатыр. Сонымен қатар финалдан кейін Ертіс өзенінде теплоходпен серуендеу жоспарланған.

ФК «Елімай» клубының директорлар кеңесінің мүшесі Асқар Ұранхаев турнирдің жоғары деңгейде өтіп жатқанын атап өтті:

«Біз балаларға арнайы кең ауқымды мәдени бағдарлама дайындадық. Олар Абай музейін, қаламыздың көрікті жерлерін көреді. Ертең Премьер-лигадағы «Елімай» – «Жетісу» матчына да қатысады. Бұл тек жарыс емес, жасөспірімдер үшін үлкен өмірлік тәжірибе».

Командалар алдын ала арнайы дайындықтан өтпесе де, футболшылар аптасына төрт-бес рет жаттығу жасайтын тұрақты кестемен жұмыс істеп келеді. Бұл жарыс оларға тәжірибе жинап, шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік беріп отыр.

ФК «Елімай» клубының даму бағдарламасының жетекшісі Ефим Германович:

 

«Біз бұл жас санатындағы балалармен үнемі жоспарлы жұмыс жүргіземіз. Олар аптасына төрт рет жаттығып, бір бақылау ойынын өткізеді. Сондықтан бұл турнирге арнайы дайындық қажет болған жоқ».

Ресейлік бапкер Дмитрий Огай мұндай халықаралық турнирлердің балаларға берері мол екенін айтты:

«Осындай жарыстар барлық аймақтарда өткізіліп тұрса екен деймін. Бұл – жас футболшылардың өзара тәжірибе алмасып, жаңа достар табуына жол ашады».

Жас ойыншылардың да арманы асқақ. Олар бұл турнирді өз жолының басы деп санайды.

ФК «Спартак Юниор» командасының ойыншысы Роман Вартумян:

«Бүгін бірінші ойында жеңілдік. Бірақ біз тырыстық. Көңіл-күй жақсы. Арманым – танымал футболшы болу».

ФК «Жеңіс» ойыншысы Диас Үбінеяз:

«Футболмен бес-алты жасымнан айналысамын. Күнде дерлік жаттығамын. Мақсатым – жай ғана футболист болу емес, тарихта қалатын тұлға болу».

Турнир соңында барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар мен әртүрлі номинациялар бойынша марапаттар табысталады. Бұл – әр баланың жетістігі мен еңбегінің бағалануы.

 

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда картон мен қағаз өндіретін зауыт салынады

admin_qazyr

Солтүстік Корея Ресейге қосымша әскер жібермек – NYT

redaktor_qazyr

Биыл кәсіптік-техникалық колледждерде сұранысқа ие мамандықтар тегін оқытылатын болады

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz