Qazyr.kz порталы
Басты ақпарат

Шардаралық Мадинаның қазіргі халі

Түркістан облысы Шардара қаласының Халықтар достығы №5-інші үйдің түрғыны Мадина Бақытқызы 08.03.1997 жылы туылған. Жалғызбасты ана Шардарадан Алматыға жұмыс іздеп, балалары үшін нан табуға кеткен.

Содан күндердің күні 13.04.2024 ж кешкі уақытта бірден мазасы қашып, жүрегі айнып, бауыры мен асқазаны ісініп кетеді. Мадинаның денсаулығы нашарлап кеткенін көрген туыс әпкесі жедел-жәрдем шақырады.

Оны шүғыл түрде Алматы қаласы Наурыз ауданындағы №7 ауруханаға жедел-жәрдем көлігімен жеткізілген. Оған өтінде тас болуына байланысты, шұғыл түрде ота жасалуы керек болған.Алайда оны ауруханаға «қабылдамау, кері қайтару» қағазына қол қойдырып, Р есімді хирург үйіне қайтарып жіберген.Ертесі күні денсаулығы сыр берген келіншек ауруханаға қайта барған, бірақ оны Қ есімді кезекші хирург дәрігер қабылдамай «Ауруханаға жатқызуға арналған портал құжаттарын толтырып кел!»,- деп тағы қайтарып жіберген. « Р есімді дәрігер менің аңғалдығымды пайдаланып,құжатқа қол қойдырып мені қайта қабылдамай қойды.»,- дейді жалғызбасты ана. Кейін ол Жамбыл облысы Тараз қаласындағы орталық ауруханада 3 рет ота жасатып, ота сәтті шығып аман-есен үйіне оралған.

Дегенмен Шардаралық Мадинаның денсаулығы сыр берген, бір емес 3 рет пышаққа түскендіктен оған біраз уақыт күтіну керек. Алматы қаласындағы хируруг дәрігерлердің маған дер кезінде қабылдап, ота жасамағандығының кесірінен, қазір менің жүріп-тұруым шектелген. Отырсам тұруым қиын, тұрсам отыруым қиын дейді «Ақ халатты абзал жандарымыздың, абзалдық танытпағандығының арқасында!Мен кінәлі дәрігерлердің өз жазасын алуын талап етемін!»,- дейді ол.

Ұқсас жаңалықтар

«Жасөспірім балалар итті үркітемін деп тас лақтырған» Монтайтаста болған оқиғаға қатысты білім бөлімі жауап берді

redaktor_qazyr

Шымкентте түнде «Старый город» көшесінде өрт шықты

redaktor_qazyr

Күні ертең Шағыр ауылында ересектер арасында ұлттық спорт түрінен сайыс өтеді

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz