Qazyr.kz порталы
БілімҚазірҚоғам

ШҚО-да «Келешек мектебі» жобасы аясында жаңа мектеп есігін айқара ашты

Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха қаласындағы Теміржол шағын ауданында 300 орынға арналған заманауи мектеп пайдалануға берілді, – деп хабарлайды Qazyr.kz

Білім беру нысаны Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектебі» ұлттық жобасы аясында салынды.

ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов атап өткендей, бұл жоба тек жаңа ғимараттар салуға ғана емес, сонымен қатар оқушылардың интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік беретін білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған.

«Мектептердің заманауи технологиялармен жабдықталуы, инклюзивті инфрақұрылым және қауіпсіз жағдай – өсіп келе жатқан ұрпақтың сапалы білім алуына негіз болады», – деді аймақ басшысы.

Шемонаиха қаласындағы жаңа мектеп физика, химия, биология, математика, информатика, тілдер мен музыка пәндері бойынша интерактивті панельдермен жабдықталған арнайы кабинеттермен қамтылған. Оқушылардың инженерлік-техникалық дағдыларын дамыту мақсатында STEM-зертханалар, робототехника кабинеті және Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың инженерлік сыныбы ашылған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Белгілі өлкетанушы, журналист Балтабек Ерсәлімов дүниеден кетті

redaktor_qazyr

Шымкент қаласының көшелеріне 13 ауыз су бұрқағы орнатылды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz