Qazyr.kz порталы
АймақӘмбебапҚазірҚоғам

ШҚО: Қасым Қайсенов кентінде заманауи жаңа емхана есігін айқара ашты

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов ауылындағы жаңа емхананың ашылу салтанатына қатысты,- деп хабарлайды Qazyr.kz

Жоба 2023–2025 жылдар аралығында кезең-кезеңімен жүзеге асырылды. Бас мердігер – «ЭЛХОН» ЖШС, тапсырыс беруші – ШҚО құрылыс басқармасы.

Жаңа емхананың ғимараты заманауи стандарттар мен технологияларға сай жобаланған, пациенттер үшін жайлы жағдай мен медицина қызметкерлерінің тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік жасалған.

«Бүгін біз Ұлан ауданы үшін маңызды жаңа нысанды – Қасым Қайсенов ауылындағы заманауи емхананы аштық. Бұл – жай ғана ғимарат емес. Бұл – тұрғындардың өмір сапасын жақсарту мен медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру бағытында атқарылған жүйелі жұмыстың нәтижесі.

Денсаулық сақтау саласын дамыту – мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі. Экономиканың тұрақты өсуінің арқасында біз әр азаматқа қатысты маңызды мәселелерді – денсаулық сақтау, білім беру, тұрмыс жағдайларын – кезең-кезеңімен шешіп келеміз. ШҚО-да, соның ішінде ауылдық жерлерде де, медициналық мекемелердің кең желісі қалыптасқан. Тек Ұлан ауданында аудандық аурухана, дәрігерлік амбулаториялар, медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер жұмыс істейді. Соңғы жылдары денсаулық сақтау нысандарын жөндеу, жабдықтау және жаңадан салу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Мәселен, «Ауыл – Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы мен «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Ұлан ауданында 5 жаңа медициналық пункт салынды, 4 амбулатория жөндеуден өтті. Ал бүгін ауысымына 150 адам қабылдай алатын, жалпы ауданы 3853 шаршы метрді құрайтын жаңа емхана пайдалануға берілді. Жаңа емхана ауыл және аудан тұрғындарына сапалы медициналық көмекке, нақты диагностика мен уақтылы емделуге жол ашады», – деді ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Қабылдауды жалпы практика дәрігерлері және келесі салалық мамандар жүргізеді: оториноларинголог, офтальмолог, дерматолог, невропатолог, кардиолог, онколог, акушер-гинеколог, хирург, травматолог, фтизиатр, стоматолог.

Диагностика жүргізу үшін микробиологиялық және серологиялық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін бактериологиялық зертхана қарастырылған.

Емханада ФГДС, колоно- және видеоколоноскопия, рентген, маммография, флюорография, УДЗ, физиотерапия кабинеттері жұмыс істейтін болады.

Мекеме құрамына қысқа мерзімді емделуге арналған күндізгі стационар, жоспарлы және шұғыл операциялар жасалатын ота блогы, стоматологиялық және хирургиялық кабинеттер кіреді. Сонымен қатар, терапевт кабинеті мен төрт шақыру санаты бойынша шұғыл медициналық көмек бөлімі жұмыс істейтін болады.

Жедел жәрдем қызметінің тиімді жұмыс істеуі үшін екі санитарлық автокөлікке арналған гараж ғимараты салынған. Бұдан бөлек, жақын арада жедел жәрдем станциясын жаңа емхана ғимаратына көшіру жоспарланып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Тараз: Абақтыдан жақында ғана шыққан ер адам әйелін үйімен қоса өртеп жіберді

redaktor_qazyr

Ақмола кәсіпкерлері қаржы вице-министрімен кездесуде салық реформаларын талқылады

admin_qazyr

Әйгілі футболшы 73 жасқа қараған шағында ақтық сапарға шығарылды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz