Qazyr.kz порталы
АймақБасты ақпаратЖаңалықтарҚазір

ШҚО: Қасым Қайсенов кентінде жаңа емхана бой көтеруде

Шығыс Қазақстан облысына қарасты Қасым Қайсенов кентінде жаңа үш қабатты заманауи емхананың құрылысы жүргізіліп жатыр деп хабарлайды Qazyr. kz.

Облыстық құрылыс басқармасының мәліметіне сүйенсек, нысанды пайдалануға беру 2025 жылдың қараша айына жоспарланған. Жаңа медициналық мекеме күніне 150 адамды қабылдауға қауқарлы болады. Мұнда кеңес беру-диагностикалық және алдын алу бөлімшелері, сондай-ақ күндізгі стационар палаталары қарастырылған.

Жаңа емхана Ұлан ауданының тұрғындарына қызмет көрсететін болады. Қазіргі таңда емханаға тіркелген халық саны 29 498 адамды құрайды.

Құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Біз бұл әлеуметтік маңызы зор жобаның сапалы әрі мерзімінде аяқталуын қамтамасыз етуге жауаптымыз. Бүгінде ғимаратқа жылу жүйесі мен сумен жабдықтау жүйесі тартылды, терезелер мен есіктерді орнату жұмыстары жалғасуда. Сондай-ақ қабырғалар мен едендерді қаптау бойынша әрлеу жүріп жатыр. Көктемде медициналық мекеме айналасын абаттандыру басталады, — деп мәлімдеді мердігер ұйым өкілдері.

Жаңа емхананың мүмкіндіктері кең болмақ. Мұнда флюорография, рентген, маммография, эндоскопия кабинеттері, сондай-ақ медицинадағы әр сала мамандарының кабинеттері (оториноларинголог, офтальмолог, дерматолог, невропатолог, кардиолог, онколог, акушер-гинеколог, хирург, травматолог, фтизиатр, жалпы тәжірибелік дәрігерлер) жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар, зертханалық диагностика бөлімі де ашылып, онда микробиологиялық, серологиялық және жалпы клиникалық зерттеулер жүргізіледі.

Жаңа емхана Ұлан ауданы тұрғындары үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттырып, сапалы әрі заманауи медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

 

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте 6 қазан күні қоғамдық көліктер, жолаушыларды тегін тасымалдайды

redaktor_qazyr

Алматыда белсенді Марат Тұрымбетовты полиция үйінен ұстап алып кетті

redaktor_qazyr

Бұдан былай Қазақстанда жедел жәрдем қызметі сағат 18.00-ге дейін ғана жұмыс істеуі мүмкін

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz