Басты ақпаратҚазір

Шымкент қаласының көшелеріне 13 ауыз су бұрқағы орнатылды

«Шымкент қаласының, Тұран ауданына қарасты аумақтарға 13 ауыз су бұрқағы орнатылды»,-деп хабарлайды Qazyr.kz тілшісі.

Тұран ауданы әкімі аппараты тарапынан, аудан аумағындағы, халық көп шоғырланатын көше қиылыстарына 13 ауыз су бұрқағы орнатылды,нақтырақ айтқанда:

1. Мәделі қожа және Рысқұлбеков көшелерінің қиылысында — 2 дана

2. Байтұрсынов және Бекбосынов көшелерінің қиылысында — 1 дана

3. Байтұрсынов және Жандосов көшелерінің қиылысында — 1 дана Момышұлы даңғылы және Желтоқсан көшесі қиылысында — 1 дана

4. Момышұлы және Республика даңғылы қиылысында-1 дана

5. Дулати және Рысқұлов көшелерінің қиылысында -1 дана

6. Темірлан тас жолы және Желтоқсан көшесі қиылысында — 1 дана

7. Республика даңғылы және Асқаров көшесі қиылысында — 2 дана

8. Темірлан тас жолы және Қожанов көшесі қиылысында — 1 дана

9. Темірлан тас жолы және Темірқазық көшесі қиылысында 1 дана

10. Темірлан тас жолы және Мангельдин көшесі қиылысында — 1 дана.Заманауи қондырғылар мәрмәр тастан жасалған,онымен қоса арнайы сүзгі орнатылған.

Ауыз су бұрқақтары сумен жабдықтау және су бұру желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарда көрсетілген талаптарға сәйкес қондырылды. Су құбыры жүргізіліп, орталық сумен жабдықтау желілеріне қосылған және арнайы су өлшегіш құралы орнатылған.

Ауыз су бұрқағы көктем-жаз мезгілдерінде пайдаланылатын болады. Күзгі-қысқы мерзімде су бұрқақтарына орталық құбырдан ысырма арқылы су беру тоқтатылады. Алдағы уақытта ауыз субұрқақтарын күтіп-ұстау жұмыстары «Тұран» КММ-нің тарапынан жүргізілетін болады.»-деді Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Қанша адамның есімі Астана деп аталады?

redaktor_qazyr

Шымкентте ит-мысықпен тамақтанған балалермен кері байланыс жүргізбеген мектеп әкімшілігіне сөгіс берілді

redaktor_qazyr

Шетелден алдыратын онлайн тапсырыстарға да баж салығы салынбақ

redaktor_qazyr

Пікір жазу