«Шымкентте 2023 жылғы 26-27 тамызда Тәжікстанның ауыл шаруашылығы өнімдері мен өнеркәсіп тауарларының көрме-жәрмеңкесі өтеді»,-деп хабарлайды Қазір ақпарат агенттігінің тілшісі,Отырар тв арнасына сілтеп.
Көрме-жәрмеңкеде ауылшаруашылық өнімдері, соның ішінде:
— 189 тонна жеміс — анар, алмұрттың 5 түрі, алманың 6 түрі, шабдалының 5 түрі, қара өріктің 3 түрі, жүзімнің 8 түрі,
— 46 тонна кептірілген жеміс — кептірілген өрік, мейіз, пісте, бадам, өзге де кептірілген жемістер;
— 85 тонна бақша өнімдері – қауынның 8 түрі, қарбыздың 4 түрі, асқабақтың 5 түрі;
— 248 тонна көкөніс өнімдері – 6 түрлі қызанақ, 3 түрлі қияр, пияз (4 түрі), болгар бұрышы (2 түрі), қырыққабат (2 түрі), гүлді қырыққабат (2 түрі), картоп, кәді, қызылша, баялды;
— 8 тонна бал.
13 тонна өнеркәсіптік тауарлар:
— газдалған және газдалмаған сусындар;
— энергетикалық сусындар;
— шырындар;
— консервіленген жемістер;
— консервіленген көкөністер;
— кондитерлік өнімдер.
қойылады.
Қала тұрғындары Тәжікстанның кстанның ұлттық тағамдарымен танысып, дәм татады.
Көрме-жәрмеңкенің өтетін орны: Нұрсәт шағын ауданы, «Көрме» орталығы, Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионы
Ескерту: Аптаның әр сенбі күні жергілікті тауар өндіруші кәсіпорындар және ауыл шаруашылығы шаруа қожалықтарының қатысуымен «Қажымұқан» атындағы орталық стадионның көлік тұрағында өткізілетін азық-түлік жәрмеңкесі стадион аумағында (шығыс трибуна беті) орналасқан «Аламан» ойын алаңшасының алдында өтеді.