Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Түркістан облысында 13 жыл бұрын валюта айырбастаушыны өлтіріп,қашып кеткен қылмыскер ұсталды

Түркістан облысында 13 жыл бұрын валюта айырбастаушыны өлтіріп,ақшасын алып кеткен 46 жастағы қылмыскер ер адам Шымкент қаласында ұсталды.Бұл туралы  QAZYR тілшісі хабарлайды.

Түркістан облысында полицей осыдан 13 жыл бұрын Жетісайлық валюта айырбастаушы жігітті өлтіріп,қалтасындағы 5 мың АҚШ долларды алып,ізім-ғайым жоқ болып кеткен.

«Сол кезде осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, іздестіру іс-шаралары жүргізілді және полиция базар маңынан күдіктінің мотоциклін тауып, заттай дәлелдемелерді тәркілеген. Полиция 13 жыл бойы жедел-іздестіру іс-шараларын тоқтатпай жүргізіп, күдіктіні анықтап, ұстады. Күдікті бұл әрекетін толық мойындады. Қылмыстық істің жинақталған материалдары заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды», — делінген ақпаратта.

Ұқсас жаңалықтар

Хасан Қасымбаевтың ұсталуы — Шерзаттың өліміне байланысты емес

admin_qazyr

Нигерияға астық экспорттайтын боламыз

admin_qazyr

Қарағандыда 5 көлік соқтығысқан жол апаты болды

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz