12 маусымда Қылмыстық істер жөніндегі Шымкент ауданаралық соты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің, оның аумақтық бөлімшелерінің, ветеринария қызметінің және Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің лауазымды тұлғаларына қатысты үкім шығарды. Сондай-ақ «Құт береке» шаруа қожалығының басшысы мен өкілдеріне де қатысты.
Аталған тұлғалар ветеринариялық рұқсаттар мен анықтамаларды беру үшін жүйелі негізде пара алу және беру, мемлекеттік шекарадан малды кедергісіз өткізу, қызметтік жалған құжат жасау, қолдан жасау және жалған құжаттарды пайдалану үшін кінәлі деп танылды.
Сондай-ақ, шаруа қожалығының басшысы мен ветеринарлық қызмет қызметкері мемлекеттен мал шаруашылығын дамытуға субсидия бөлгенде 104 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырған.
Сот үкімімен кінәлі тұлғаларға 1 жыл 5 айдан 7 жыл 6 айға дейін бас бостандығынан айыру, сондай-ақ 2 миллион теңгеден 26 миллион теңгеге дейін айыппұл салынды.
Өмір бойына сотталғандар мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Дереккөз: Zakon.kz